Кәмелетке толмаған қызға өткен жылдың желтоқсанынан осы жылдың маусымына дейін сексуалдық әрекет жасалған. Полицейлер Ақмола облысының Қараөткел ауылында 12 жастағы қыз зорланғанын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Елорда маңындағы Қараөткел ауылында сұмдық жағдай тіркелді. Елдімекеннің үш тұрғыны 12 жастағы қыз баланы жарты жыл бойы зорлап келген.

Айуандыққа барғандар жасөспірімге көрген қорлығын айтып қойсаң, өзіңді жаман атты етеміз деп қорқытқан. Қыз баланың жақындары полицияда қылмыстың барлық дәлелдері бар болса да, күдіктілерді бостандыққа жіберіп қойғанын айтады.

 

Рубрика: