АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]107 миллион теңгеге ұшақ сатып алды[:]

[:kz]

 

Биылғы жыл басында Президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапармен барғаны белгілі. Сол кезде көптеген келісімдерге қол жеткізілген еді. Соның бірі – әйгілі «Боинг» жолаушылар ұшағына қатысты келісімдер. Яғни Қазақстан бұл әуе кемелерінің бірнешеуін сатып алатын болған.

 

Кешегі аптада Шымкентке АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы ұшақ құрастыру зауытынан «Boeіng 737 max 8» ұшағы жеткізілді. Бұл – әйгілі «Боинг» ұшақтарының 4-ші буын өкілі. Яғни мұндай ұшақтардың шығарыла бастағанына екі-үш жыл ғана болған. Ол заманауи құрылғылармен, қуатты, ірі қозғалтқышпен жабдықталған. Қазірге дейін 107 данасы ғана шығарылған. Мұндай әуе кемелерінің ал­ғашқысы ұшу сапарын 2016-жыл­ғы қаңтар айында бастаған.

 

«Boeіng 737 max 8» ұшағының салмағы 83 тонна тартады. Оның жылдамдығы сағатына 800 шақырымнан асады. Бір рейсінде 6700 шақырымнан аса қашықтыққа ұша алады.

 

Ал оның құны біздің ақшаға шаққанда 106 миллион 900 мың теңге тұрады. Оның сыйымдылығына қарай үш класты түрлері бар. Бортына 160-тан 200-ге дейін жолаушы алады.

 

Бұл ұшақты «Skat Aіrlіnes» компаниясы сатып алған. Тағы да осындай 5 ұшақ алуға келісілген. Келісім-шарт құны 1 миллиард 300 миллион долларды құрайды.

 

Жаңа ұшақтың әкеліну құрметіне ұйымдастырылған шараға Инвестиция және даму министрлігіне қарасты Азаматтық авиация коми­тетінің төрағасы Талғат Ластаев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты.

 

Ал «Boeіng 737 max 8» ұшағы алдағы уақыттарда Астана, Алматы, Атырау қалаларына және Түркияның Анталия қаласына жолаушылар тасымалдайтын болады.

 

Р. ҚАЛТАЙ

Zamana.kz 

[:]