Танымал әнші Қайрат Нұртас бала кезіндегі қиындықтарды еске алды. Сауда-саттық жасап өскен Қайрат Нұртас жол бойында жеміс-жидек, ағарған сатып тұратындарды көргенде бей-жай қарай алмайтынын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тараз-Шымкент бағытындағы жол бойында аналы-балалыны көрген Қайрат Нұртас көлігін тоқтатады. Әнші сатушылардан құрт, ағарған сатып алды. 

“Күн ұзаққа жол жүретін күндер көп болады . Жолдың шетінде адал саудасын жүргізіп , кәсіп қылып отырған қарапайым жандарды көресің .

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Бұндай көрініс маған таңсық емес . Кішкентайымнан әке-шешеме қолғабыс ете білуді үйрендім. Шыжыған ыстықта,Қақаған суықта бір шелек картошка өткізгендегі қуанышты айтсаңызшы. Қасыңнан небір иномарканы мініп қара очки таққандар: “Әй , мынандан емес , ана жақтан ала салайықшы”- деп көз алдыңда зууууууу ете түскенде көңілің бір сәтте түсіп қалады ғой…… Ееееххх, айта берсең көп енді.. Жол жүргенде осылай тоқтап , әсіресе жас балдардың көңілін аулап кетуге тырысамын.. … Жол жүргенде бұл кісілердің ақ батасының өзі неге тұрады Жалпы адамды қуанту үшін көп нәрсе керек жоқ қой, – деп жазды әнші.  Ұлының постын көрген анасы Гүлзира Айдарбекова ағыл-тегіл тілегін жаудырды. “Жаным сол, мейірімге толы жүрегіңнен сенің. Болмағанда 100 доллар тастап кеткен боларсың, байқатпай бердің, бірақ маған белгілі әдетің, толық сеніммен солай ойлап отырмын. Сенің осындай пейіліңе Алла несібеңді арттырып жатыр. Құлыным сол, жолың болсын! Екі дүниеде разымын” – деп жазды анасы.

www.oinet.kz

 

Рубрика: