31 января, 2019 Comments Off on 1,5 жыл бұрын із-түзсіз кеткен алматылық жігіт табылды (фото)

1,5 жыл бұрын із-түзсіз кеткен алматылық жігіт табылды (фото)

Бейтаныс адам Медетханды бұрынғы Марқакөл ауданында тұратын малшының үйінен көргенін айтқан.

 

Өткен аптада 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Медетхан Серімбетовке Шығыс Қазақстанда іздеу салынғаны туралы жазған едік. Бүгін редакциямызға 1,5 жыл бұрын із-түссіз жоғалған жігіттің табылғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда облысының тумасы Медетхан Серімбетов 2017 жылдың 7 қарашасында Алматы қаласында ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Алайда жас жігіттің жақындары оны Шығыс Қазақстан аумағынан да іздестірді. Өйткені белгісіз нөмірден хабарласқан бейтаныс адам Медетханды бұрынғы Марқакөл ауданында тұратын малшының үйінен көргенін айтқан.

 

Туыстары Медетханның іздестіруге бар күштерін салған еді. Телеарналардан, газеттерден, Rina.kz еріктілерінен көмек сұрап, тіпті, ресейлік “Жди меня” жобасының сайтына өтініш қалдырса да, бір жылдан астам уақыт жігіт туралы еш хабар болмады.

Бүгін таңертең жоғалған жігіттің ағасы Тәуіржан Серімбетов сүйінші хабар жеткізді. Оның айтуынша, Медетхан Алматыдан табылыпты.

-Көптің тілеуі қабыл болып, Медетхан табылды. Бастысы, өзі аман. Қазір анасы екеуі полицияда мән-жайды анықтап жатыр, – дейді Тәуіржан Серімбетов.

Ол Медетханды іздеуде көмектескендерге, жігіттің аман-есен табылуына тілектес болған жандардың барлығына алғысын білдіріп отыр.

Жігіттің осы уақытқа дейін қандай себеппен хабар-ошарсыз жүргені белгісіз. 

alashainasy.kz

 




Загрузка...

Комментирование закрыто.