АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Қызылорда облысында балаларын вакциналауға қарсы ата-аналар дәрігерлерге жұмыртқа лақтырған[:]

[:kz]

 

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылында балаларына вакцина салынғанына қарсы ата-аналар түсндіру жұмыстарын жүргізген санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлеріне жұмыртқа лақтырды. Видеоны жергілікті блогер Facebook желісінде жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ата-аналар түсіндіру тобына сұрақ жаудырған, не үшін қарсысыз деген сұраққа айтар жауаптары да дайын болған. Біреулер вакцинаның салдарынан қорқатынын айтса, енді бір ата-ана түсіндіру тобын түсінбегенін айтып шағымданыпты, онсыз да денсаулығында кінәрат бар балаларына ешқандай екпе салдырмайтынын ашып айтқан ата-аналар да кездесіпті.

 

Әйелдің мұндай әрекеті облыс тұрғындарының ашу-ызасын туғызды. Халық оған тиісті шара қолдануды сұрайды.

«COVID-19 және коронавирус инфекциясына қарсы екпе ойлап тапқан дәрігерлер емес. Олар ауылдар мен аудандарға еріксіз, қызметтік міндеттеріне байланысты барады. Сондықтан оларға мұндай әрекет жасау әділетсіздік деп санаймыз», — деп наразылықтарын білдірді тұрғындар.

Шиелі ауданының әкімдігі жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін растады. Бірақ оған қарсы шара қолдану олардың құзыретінде емес.

«Ақпараттық-түсіндіру тобы келген кезде бірқатар азаматтар жүргізіліп жатқан екпеге наразылықтарын білдірді. Ал жиналысқа қатысушылардың бірі қоғамға жат әрекет жасап, дәрігерлерге жұмыртқа лақтырды. Оған құқықтық баға берілді. Бұл іс құзырлы органдардың құзырында», — деп жауап берді Шиелі ауданы әкімдігі.

Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыға қатысты материалдар жинақталып, сотқа жіберілгенін айтады.

«Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округіндегі мәдениет үйінде болған оқиға бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің («ұсақ бұзақылық») 434 — бабына сәйкес хаттама толтырылды», — делінген Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

 

[:]