Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Нұр-Сұлтанда Кенже қызы қайтыс болғаннан кейін әйелге үлкен қызын тәрбиелеуге тыйым салынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, әйелдің екі баласы болған. Кіші қызын рұқсат құжаттарынсыз үйде жұмыс істейтін жеке меншік балабақшаға тәулік бойына тапсырған. Балабақшаға ақы төлемеген, қызына бір айдан астам уақыт келмеген. Үлкен қызы әжесінің бақылауында болған.

Осылайша, анасы бала тәрбиесінен шеттетілген.

«2022 жылы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған кіші қызы көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Баланың денесінде көптеген дене жарақаты болған», – деп атап өтті сотта.

Барлық жағдайды ескере отырып, сот шешімімен әйел үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді. Баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.

”Адырна” ұлттық порталы

Рубрика: