Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы полициясы 29 шілдеге қараған түні жеке секторда орын алған зорлау әрекетін тергеп жатыр, — деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұған дейін желіде қыздың зорлаушылардан қашып кеткен видеосы пайда болған еді. Оны өтіп бара жатқан жүргізуші құтқарып қалды.

«Алматы қаласының Полиция департаменті 2000 жылы туған азаматша Б.-ны зорлауға оқталу фактісі бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Жәбірленуші ішімдік ішіп алып тиісуге тырысқан өзінің таныстарының бірі деп күдіктеніп отырғанын айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY KRIS P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

Рубрика: