Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Дәмді бургерімен аты шыққан отандасымыз Дәулет Исабеков Бейжіңде мейрамхана ұстап отыр. Оның ас мәзірі жақында жоғарғы атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Дәулет Исабеков кәсібінде ата-анасының тәлім-тәрбиесі мен қазақтың қонақжайлығы көп көмек бергенін тілге тиек етті. Былтыр мейрамхана «Бейжіңнің ең дәмді бургерлері» атағын жеңіп алған.

«Өте қуандық. Бұған жету үшін ұзақ уақыт кетті. Қиын болды, өйткені бұл індет басталған жыл еді. Кейбір мейрамханалар жабылды, бірақ біздің жолымыз болды. Қонақтарымыздың саны едәуір артып, Бейжіңде атымыз шықты. Бізді бәрі біледі және қаланың өзге аудандарынан арнайы бізге келеді», — деп ағынан жарылды ол. Мектеп бітіргеннен кейін Дәулет Бейжіңдегі дипломатиялық академияға оқуға түседі. Алғашында мемлекеттік қызметке орналасуды көздедім, дейді ол.

Бірақ кейін бизнеске көңілі ауып, өз кәсібін ашыпты. Отандасымыз өткен жылы Қытайда індет өршіген уақытта талай қиындықты бастан кешкенін еске алады. Дәмханалар жабылып, тек ас жеткізу қызметін оңтайлы пайдаланудың арқасында кәсібін дамыта алған. Оның сөзінше, пандемия мейрамхананы басқару ережелерін де өзгерткен.

«Бірден екпе салдық, бұл міндеттелген. Бізді жиі тексеріп жүрді. Көптеген орындарда асүй ашық болуы керек. Бізде ашық болмағандықтан, ішінде не болып жатқанын көрсететін камералар орнатылған. Тазалықтың жаңа стандарттарын енгіздік, қызметкерлеріміз кіреберісте QR-кодты сканерлеуі тиіс», — деді Дәулет. Дәулет жақындарын көрмегеніне екі жыл болғанын жасырған жоқ. Оның сөзінше, Қытай әлі күнге дейін елге келу ережелерін қатаң сақтап отыр. Қазір отандасымыз Бейжіңде жаңа мейрамхана ашуға дайындалып жатыр.

kaz.nur.kz/

Рубрика: