Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Танымал мобилограф, кәсіпкер, Айжұлдыз Адайбекованың бұрынғы күйеуі Қыран Талапбек Қытайдан көшіп келгенде қазақша білмегенін мойындады. Бұл туралы Stan.kz Қуаныш Шонбайдың «Төртеу түгел болса» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды

Қыран шамамен 5-6 жаста болған кезде отбасымен аспан асты елінен көшіп келген. Әдетте Қытайдан келгендер үшін орыс тілін үйрену қиынға соқса, Қыран өз ана тілін білмей қиналған. 

«Таза қытайша сөйлегенмін. Қатты намысыма тиді. Қазақша үйрендім, қазақ әдебиетімен таныстым, Мұқағали оқуларына қатысып, республикадан 1-ші орын алдым. 

 

Тілім қытайша шығып бастаған. Орыс бала-бақшасына бардым. Әрі қарай лицейге түстім, түрікше үйрендім. Қазір 5 тіл білемін», — деп ағынан жарылды Қыран.

Бүгінде миллиондап табыс табатын кәсіпкер Қыран жақында құны 100 млн теңге тұратын Rolls Royce автокөлігін алған. Ал кәсіпкерлікті 15 жасында бастағанын айтады. 

«Базардан 8 мың теңгеге планшет алып, оны әдемілеп суретке түсіретінмін. Оlx-қа салатынмын. Sulpak 25 мыңнан сататын, мен 18 мыңнан сататынмын. 15-16 жасымда айына 2-2.5 мың доллар табатынмын. 9-сыныпқа дейін мектепке автобуспен барып келіп жүрсем, 9-сыныптан бастап мажор болдым. Iphone, Ipad, балалық шақтағы армандар болады ғой, бәрін алдым», — дейді Қыран Талапбек. 

Рубрика: