Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Индонезияның Суматра аралының тұрғыны Арди Ризал есімді бала күніне 40 дана шылым шегуді қойып, адам танымастай өзгеріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.

Ризал әкесінің ұсынысымен бір жарым жасында алғаш рет темекі тартып көрді. Бала тез темекіге тәуелді болып қалып, екі жасында күніне кемінде 40 темекі шегеді.  Балада тәуелділік тез дамыды. Темекі шегуге мүмкіндігі болмаған кезде ол басын қабырғаға ұрып, ата-анасының есін шығарған.

Ризалдың анасы ұлына тәуелділіктен арылуға көмектесу үшін оны дәрігерге апарды.  Нәтижесінде бала темекіні тастап үлгерді. Бала темекіні тастағаннан кейін өте көп мөлшерде тамақ жей бастаған.

Баланың ата-анасы диетологтың көмегіне жүгінді.  Салауатты тағам индонезиялық жасөспірімге салмақ жоғалтуға және жақсы физикалық пішінге ие болуға көмектесті.  Қазір Ризал 13 жаста. Ол темекі шекпейді және күн сайын жаңа піскен балық, көкөністер мен жемістерді жейді.

Рубрика: