Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алтынай Жорабаева күйеуін қалай еркелетінін айтып, жұртты сүйсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

Әнші Instagram-дағы парақшасында күйеуімен түскен сүйкімді суреттерімен бөлісті. 

«Алишты қалай атаймын? Жәннатым Ин Шаа Алла, жарық дүнием жарқ еткен, досым, абрикосым, күн нұрынан жаралған патшам менің», – деп жазба қалдырды ол. 

 

Көпшілік 43 жастағы әншінің осылайша жан сырын ақтарғанына таңырқап қалды. 

«Күн нұрынан жаралған деген қалай кетті? Дегенмен бақытты болыңыз. Қатты сүйетініңіз көрініп тұр, көп мақтай бермеңіз», «Не деген мақтаулар», «Өзім қыздай қосылған жаныма шли бұлай еркелетіп жазбайды екенмін», «Пәлен жыл тұрған күеуіңнің мінезін білу қиын екен, сол себепті жігітке артық мақтаулар айтпа. Алтынай, қызымдай жақсы көремін», «Қалай атасаң да жарасады, ең бастысы, бақытты болыңдар», — деп жазды оқырмандар.

Рубрика: