Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркістан облысындағы көпбалалы отбасының балаларына үлкен мөлшердегі мектеп формасы берілген. Бұған қатысты жергілікті білім басқармасы жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мектеп формалары өздерінен бірнеше есе үлкен балалардың суреті әлеуметтік желілерде пайда болды. Суретте балалардың үстіндегі костюм, шалбары, тіпті аяқ киімі де өзінен үлкен екені көрсетілген.

«Түркістан облысында көпбалалы отбасылардың балаларына көмек ретінде осындай костюм-шалбарлар берілген. 4 оқитын бала қалай 46 размер (өлшем) кимек?! Төплилері маған дәл. Құдалықтан қалған киімдер секілді», — деп жазды блогер Дәулет Төлеутайұлы. 

Фото: instagram.com/dauletten

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мәліметінше, барлық киім ауыстырылып, балалардың өзіне сәйкес форма берілген.  

«Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі Вафаева Гульшат Фархадовнаның 7-баласының киім өлшемдерін анасы мектеп әкімшілігіне берген. Анасының сұранысы бойынша мектеп формаларымен қамтылған. Жоғарыда көрсетілген жағдайға байланысты, «Ащыбұлақ» жалпы орта метебінің қоймасына барып, барлық киімі ауыстырылып, өздеріне сәйкестендіріліп берілді«, — деді басқарма өкілдері. 

 

Рубрика: