Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-7-2) Атырауда аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship 3 турнирінде хедлайнером атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Хамитов тек нокаутпен жеңіске жетіп жүрген ресейлік Василий Бабинцевпен (6-6) жекпе-жек өткізді. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен Хамитов бірінші раундта-ақ қарсыласын тізе бүктірді.

 

Осылайша Қуат Хамитов кәсіпқой мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізсе, Василий Бабинцев жетінші рет жеңіліске ұшырады. Еске салайық, бастапқыда Хамитов MFC 3 турнирінде украиналық Зака ​​Фатуллазадемен (19-12) жұдырықтасады деп жоспарланған еді, алайда виза мәселесінің салдарынан ол Қазақстанға келе алмады.  

Рубрика: