АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Қуат Хамитов қазақстандық футболшылардың ұятты жеңілісіне қатысты өз ойын айтты[:]

[:kz]

Танымал аралас жекпе-жек боксшысы Қуат «Найман» Хамитов франциялықтардың  қазақстандық футбол құрамасын ойсырата жеңіуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстандағы футбол –  жеңіл жүрісті қыз секілді, пайдасы болмаса да оларға ақша төлеу тоқтатылмайды. Алайда бәрінің үстінде шалдар отырған сыңайлы, олар жастардың ісіне мұрын сұққаннан басқа ешнәрсе білмейді. Футболға кететін қаражатты ауру адамдар мен тұрмысы төмен жандарға бөлген әлдеқайда орынды”, – деп жазады Хамитов. 

 

Айта кетсек, қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны. Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты. 

[:]