Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ақтауда куәгерлер 32В шағын ауданында, «Шаңырақ» тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылғаны жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

«Бәлкім, біреулер танитиын шығар немесе іздеп жатқан болар», — деді куәгерлер. 

Мәйіт қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні табылған. 

Маңғыстау облысы полиция департаментіндегілер жағдайға қатысты пікір білдірді.

«1972 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Зорлықпен өлтіру белгілері жоқ. Аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындады», — деді полицейлер. 

Рубрика: