Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Оның айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері көмектескен.

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко танымал қазақстандық әртіске деген сүйіспеншілігіне байланысты тегін ресми түрде Кудайбергенова деп ауыстырған, — деп хабарлайды Liter.kz.ге сілтеме жасаған sn.kz/

 

«Мен Димашты жақсы көремін. Ол керемет адам, талантты әнші. Мен одан 3 ай 1 күн үлкенмін. Оны алғаш рет 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Андрей Малаховтың «Привет, Андрей!» шоу бағдарламасында көрдім. Шығарылым Игорь Яковлевич Крутойдың мерейтойына арналды. Димашты көргенде бірден ұнаттым, көзіне ғашық болдым.  Бағдарламада шырқаған «Знай» әніне, дауысына ғашық болдым. Осы күнге дейін бұл менің сүйікті әнім», — деді бойжеткен.

 

Оның айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері көмектескен.

Бұған дейін Димаштың Швейцариядан келген жанкүйері әртістің қазақ тілін үйренуіне түрткі болғанын айтса, неміс радиосы қазақстандық әншіге бағдарлама арнаған еді.

 

Рубрика: