АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Көзіне ота жасатқан Зарина Омарованы ел танымай қалды[:]

[:kz]

Зарина Омарова көзіне блефаропластика жасатып, жұртты таңғалдырды. Әншінің түр-келбетіндегі өзгерісті байқаған фанаттары оны танымай қалғандарын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі көзіне ота жасатқанын ашық айтпағанымен, Instagram-дағы оқырмандары әншінің келбетіндегі өзгерісті бірден байқаған. 
Нұр-Сұлтан қаласында өткен қайырымдылық концерттен суреттер жариялаған Заринаға көпшілік: 

 

«Сізге ұқсамайды», «Блефаропластика керек емес еді. Бұрынғы көзіңіз әдемі еді», «Зарина бұл сіз емессіз. Бұл қыздың күлкісі де, көзі де, тістері де мүлде басқа», «Мен танымай Зарина ма, сол ма, сол емес па деп қайта-қайта қарап жатырмын», «Көз ауыстырған-ау», — деп жазды.

«Экспресс-К» басылымының хабарлауынша, әнші отаны осыдан 15 күн бұрын 300 мың теңгеге жасатқан. 

«Мен 20 жасымнан бері көзіме операция жасатуды армандайтын едім. Бірақ, қатты қорқатынмын. 15 күн бұрын көптен бері іске аспай келген арманымды орындадым», — деді Омарова.

Өнер иесі көзіндегі ісік толық жазылмастан, сахнаға шығып кеткенін, оны халықтың бірден байқағанын атап өткен. 

 

[:]