Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қостанай облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 5 жасар қыз әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстары бүгін де түні бойы жүргізіліп, тепловизор қолданылды. Көлемі 33 және 10 га болатын екі жүгері алқабы, сондай-ақ екі картоп алқабы тексерілді.

Полиция өкілдері бүгін іздестіру шараларына Ұлттық ұлан мен шекара әскерлері жұмылдырылғанын хабарлады.
Таң атқалы бері жалпы көлемі 100 гектардан асатын аумақ сүзіліп шыққан.

Сондай-ақ полицейлер іздестіру жұмыстарына қатысатын азаматтардың әрекетін үйлестіру қажеттігін атап өтті.

«Жамбыл ауылы әкімдігінде орналасқан жедел штаб арқылы барлық іс-әрекетті үйлестіруді сұраймыз. Үйлестіру телефоны: 8 775 105 91 72», — делінген ПД хабарламада.

 

Полицейлер тұрғындардың көп көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

«Жедел-іздестіру шараларының барысы туралы ақпарат сағат сайын хабарланатын болады», — деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 2017 жылы туған Ерланқызы Мадина 7 тамыз күні таңға жуық үйінен шығып кеткен. Бала 18 және 13 жастағы әпкелерінің бақылауында болған. Қыздар таңертең оянғанда бүлдіршінді таппай қалған. Қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген.

Ата-анасы қызының аутизммен ауыратынын және сөйлей алмайтынын айтты.

Рубрика: