Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Желіде Қайрат Нұртастың мешіт алдында көже ішкен видеосы тарады. Әнші саудагерге 25 мың теңге ұстатып, он адамға тегін көже беруде сұраған. Қайраттың бұл әрекеті желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Тым болмағанда 10 адамға тегін берсеңізші», — дейді Қайрат Нұртас саудагерге. 

Егде жастағы әйел әншінің сөзіне келісіммен жауап береді. 
Ал желі қолданушылары әншінің әрекетін қызу талқыға салды. Бір топ оқырмандар әншінің жомарттығын айтып, оған алғыс білдірсе, ендігі топ қайырымды ісін видеоға түсіріп, жария еткен Қайратты сынға алды. 

«Оң қолың бергенді сол қолың білмей керек», «Сонда не пайда тегін берсе, әшейін берсе де болады ғой», «250 мың тастағандай видеоға түсіріп», «Не үшін видеоға түсіреді? Мақтану үшін ба?», «Миллионер адамға 25 мың не тұрады?», «Соны видеоға түсірмей-ақ беруге болмай ма екен» «Әйтеуір көзбояушылық», — деп жазды желі қолданушылары. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Жұлдыздары Жаңалықтар (@qaz.stars)

Рубрика: