АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Қорқақ екенін білгенмін». Теміртастан жеңілген боксшы мұңын шақты (видео)[:]

[:kz]

 

Белградта (Сербия) өткен бокстан әлем чемпионатында 48 келіге дейін салмақта қола жүлде алған белорусь боксшысы Евгений Кармильчик жартылай финалда жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ол жартылай финалда отандасымыз Теміртас Жүсіповпен кездесіп, есе жіберіп алған еді

instagram.com/boxingkazakhstan
instagram.com/boxingkazakhstan

«Оның жұдырықтасу тәсілін білгенбіз. Сондықтан қарсыласымның қорқақ боксына дайындалдық. Ол — қандай жолмен болса да жеңіске жетуді қалайтын прагматикалық боксшы. Бірақ мен бапкерім айтқан тапсырманың барлығын шаршы алаңда орындаған жоқпын. Жартылай финалда қарсыласымнан әлсіз болдым деп айта алмаймын. Бапкерім оны біледі. Мен үшін ең маңыздысы — осы. Бокс деген бокс секілді болуы керек. Бұл — өнер. Ал кейбіреулер қашып жүріп, жеңгеніне мәз. Әрине, әлем чемпионы атанған да мен емес, сол жігіт. Жүсіпов — тәжірибелі боксшы. 33 жаста топ жарып жатқанын құрметтеймін. Әзірге есе жібердім. Бірақ дайындықты жалғыстырамыз. Келесі жолы жеңемін», — дейді беларусь Евгений Кармильчик.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов финалда тайландтық Вуттичай Юрачайды жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын

[:]