Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының 6 жасар тұрғыны Еркеназ Ерғазы әлеуметтік желі қолданушыларын тағы бір әнімен қуантты. Бұл жолы ол “Аягөз қайда барасың” әнін орындаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Танымал әнші Мәлік Жамбылұлының «Аягөз қайда барасың» әнін ерекше орындаған кішкентай қыздың видеосы Facebook желісінде пайда болды. 6 жастағы Еркеназ Ерғазы бұған дейін отандық ток-шоуларда ән айтып, қалың көпшілікке танылған.

Әсіресе оның Мақпал Жүнісованың репертуарындағы «Өмір неткен тамаша» әнін орындағаны көрермендердің көңілінен шықты.

Талантты балақайдың ән айту стиліне қарап желі қоланушылары оны Мақпал Жүнісованың кішкентай көшірмесі деп атап кетті. Еркеназдың өнеріне тәнті болғандар оған сәттілік тілеп, түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

Рубрика: