Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Жамбыл облысында 7 немересін бауырына басқан кейуана үйінді астында қаламын ба деп алаңдаулы. Оның айтуынша, ескі үйінің шатырын бір ай бұрын болған дауыл ұшырып әкеткен

. Есі шыққан зейнеткер енді әкімдіктен көмек сұрауда, деп хабарлайды Алматы телеарнасы. 70 жастағы зейнеткер баласы 2-топтағы мүгедек екенін, одан туған 7 баланы жеткізіп бас-көз болып отырғанын жеткізді. Ал келіні 2 жыл 7 ай бұрын тастап кеткен екен. Бір жарым ай бұрын болған дауылда үйдің төбесі ашылып, залал тиген. Соның салдарынан ескі тұрғын үй қабырғалары сетінеп, сылақтары түсе бастапты.

   «Осы үйде, бір бөлмеде тұрып жатырмын. Анау жақтың бәрі ашылып кетті. Әнеугүні аздап жауын жауған кезде, ожау, шелек қойып, ақққан суды тасумен әлек болдық. Қаттырақ жел тұрса, саусылдап топырақ түседі», – деді Дихан ауылының тұрғыны Қағаз Қалиева. Қазіргі тұрып жатқан үйдің қабырғасы бір ғасыр бұрын қаланған. Сондықтан кейуана 5 жыл бұрын жиған-тергенімен жаңа үйдің іргетасын құйып бастапты. Әйтсе де, зейнетақысы – кемтар ұлы мен немерелеріне берілетін 180 мың теңге күнкөріс пен құрылыс материалдарына қатар жетпей отыр дейді. «Маған тек осының төбесін жауып, құрығанда бір бөлмеге кіретін қылып берсе болды, қалғанын өзім істеп аламын. Бәлкім, төбесін ауыстыру керек шығар», – дейді кейуана. Ол ауылдық округ әкімдігі арасында ақша жиып, азық түлікпен көмектесіп тұратынын мойындап отыр. Дегенмен үй салып беру әзірге қиын шаруа дейді. Сондықтан аудан басшылығына қолғабыс айтқан екен.

«Өйткені басқа мұқтаждарға басымдық берілді. Ауыл әкіміне тапсырма бердім, алдағы 2022 жылы сол кісіге басымдық беруді жоспарлап отырмыз.

Ауыл ақсақалдарымен ақылдасып, асарлатамыз ба деп жоспарлап отырмыз», – деді Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайыл.

/kaz.nur.kz

 

Рубрика: