Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі желіде сиыр сауған видеосын жариялап, қалың көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары өнер иесінің асқан қарапайымдылығына таңғалған деп жазады KAZ.NUR.KZ. Төреғали Төреәлі аталмыш видеомен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Бейнежазбадан ауылда жүрген әншінің сиыр сауу әдісін паш етіп жатқанын көруге болады. Өнер иесі алдымен жануарға шөп беріп, кейін бұзауын алып кетіп оны сауа бастайды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан жұлдыздары (@qaz.stars)

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының асқан қарапайымдылығына тәнті болып, оған деген жылы лебіздерін жарыса білдірген. «Жарайсың, қазақтың қарапайым баласы», «Бәрі ауылдан шыққан ғой. Шыққан жерін ұмытпаған дұрыс», «Керемет көрініс. Жұлдыз болғанымен аса қарапайым екен», «Менің әкем де, жолдасым да, балам да сауады. Онда тұрған ештеңе жоқ. Жарайсың Төреш», «Бұрын сізді өзінше деп ойлайтынмын. Енді қателескенімді түсініп жатырмын», «Ел алдында жұлдыз болып жүрсе де, қарапайымдылығын жоғалтпаған», — деп жазуда желідегілер.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: