Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың кандидатурасы АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі The New York Times газетіне сілтеме жасап.

 

Осыған дейін бұл қызметке екі адам үміткер болған. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталғандықтан, ақ үй екі кандидатурадан бас тартады. Бұдан соң профессор Сәуле Омарованы бұл қызметке қарастыруға кіріседі.

 

Қазіргі кезде Байденнің әкімшілігі жаңа үміткерді тексеріп жатыр.

«Сәуле Омарованың ғылыми еңбектері оның жаңа қызметке лайық екенін түсіндіріп берді. Өз зерттеулерінде ол криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсетіп берді. Осыдан кейін оны бас банк бақылаушысы қызметіне ұсынылды. Басқарма басшысы ретінде Омарова ханым JPMorgan Chase және Citigroup сияқты процестерді бақылауды күшейтуге тырысуы мүмкін», – деп жазады басылым.

Осы жұмысқа жақын адамдар Омарованың кандидатурасын тексеру енді ғана басталғанын айтты. Жақын уақытта немесе келесі жылдың басында валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне ұсынуы мүмкін. Одан кейін Сенаттың қолдауы қажет. Басқарма басшысын бес жылға тағайындайды.

«Корнелл университеті заң факультетінің банк құқығы профессоры Сәуле Омарова валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне ұсынылды. Егер сенаттың қолдауына ие болса, Уолл-стриттегі ірі банктер бұрынғы басшылармен болған жылы қарым-қатынасты күтпесе де болады», – дейді мақала авторы.

Сәуле Омарова қаржы институттарын реттеу, банк құқығы мен халықаралық және корпоративтік қаржы саласын меңгерген.

Джордж Буш президент болған кезде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

2014 жылы Корнелл университетінің заң мектебіне келмес бұрын, ол Солтүстік Каролина университетінің заң мектебінде профессор болды. Омарова, сонымен қатар ММУ, Висконсин университеті және Солтүстік-Батыс құқық университетін бітірді.

 

Рубрика: