Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстанның әр аумағында қайталап таныстырмалы іріктеме әдісі бойынша сауалнама жүргізіліп, қатысушылар Қазақстанның дамуы және басқа да маңызды мәселелерге қатысты өз ойларын білдірді. Сауалнамаға қатысуға келісім берген 1 100 адамның 77%-ы сұрақтарға орыс тілінде жауап беруді құп көрсе, 23%-ы ғана қазақ тілінде жауап берген. Сауалнама тілі респонденттің ұлтын немесе негізгі тілін білдірмейді. Сәйкесінше «қазақ тілді» және «орыс тілді» сөздері тек шартты түрде қолданылып, респонденттің қай тілде жауап бергенін көрсетеді. Қатысушылардың басым бөлігі (47%) 25-44 жас аралығында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасған  www.altyn-orda.kz

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Украинадағы жаңжалға қатысты басым пікір жоқ. Респонденттердің 36%-ы Украинада «Ресейдің арнайы операциясы» өтіп жатыр десе, 26%-ы «Ресей мен Украинаның НАТО әскерін кіргізбеу үшін соғысып жатқанын» айтқан. Ал 13%-ы «Ресей мен Украина арасындағы соғыс әрі қарай бірігу үшін болып жатыр” деп есептейді.

Сауалнамаға жауап беру тілі адамдардың жанжалды қабылдауына айтарлықтай әсер еткен. Мәселен, «әскери операция» терминін орыс тілді респонденттердің 39% дұрыс деп санаса, ал қазақ тілділердің 27%-ы ғана жөн көрген. 

Сауалнамадан осы секілді жағдайларды қабылдауда тілдік фактордың айтарлықтай көп әсер ететінін байқауға болады. Мысалы, «Сіз қай елді қолдайсыз?» деген сауалға қатысқандардың тек 10%-ы Украинаны қолдайтынын айтып, жауап берген. Қазақ тілді респонденттер арасында «Украинаны қолдаймын» нұсқасын 20%-ы таңдаса, орыс тілділер арасында бұл көрсеткіш үш есе аз, яғни тек 6%-ы таңдаған. Осы секілді айырмашылық Ресейді қолдайтындар арасында да бар. Қазақ тілді респонденттердің тек 20%-ы Ресейді жақтаса, орыс тілді респонденттердің 45%-ы Ресейді қолдаған. 

Сауалнамаға қатысқандардың 39%-ы Ресейді қолдайтындарын айтқан. Жартысына жуығы (46%) бейтараптықты ұстанған. Сонымен қатар ер адамдардың 58%-ы Украинаны, 46%-ы Ресейді қолдаған. 

Сауалнама кезінде сұраққа жауап беру тілін респонденттер өздері таңдаған. Мысалы, қос тілде сөйлейтін респонденттер терминдердің қиындығы және өзге де себептерге байланысты орыс тілін таңдаған. Сондықтан «қазақ тілді» және «орыс тілді» терминдері тек шартты түрде пайдаланылды. 

Сауалнама қатысушылары бұл жағдайда Қазақстан қалай әрекет ету керектігіне қатысты сауалға жауап берген. Украинаны жақтап, Батыспен байланысты дамыту нұсқасын тек 6%-ы таңдаған. Ал 14%-ы Түркі елдерімен байланысты нығайтуды қолдаған. 12%-ы елдің әскери қауқарын дамыту керек десе, 36%-ы Ресейді қолдап, Еуразия кедендік одағымен серіктестікті нығайту керегін айтқан. Қатысушылардың 39%-ы бұл сұрақта бейтараптық танытқан. 

Респонденттердің 65%-ы Қазақстан мен Ресей арасында мұндай жанжалдың болмайтынына сенімді. 

Айта кету керек, мұндай пікір білдіргендердің басым бөлігі қазақ тілді респонденттер (38%). Орыс тілді респонденттердің тек 9%-ы жанжалдың болмайтынын айтқан. 

Қатысушылардың басым бөлігі Ресеймен қарым-қатынастың келешегіне сенім білдірген. Жауап бергендердің 70%-ы жанжал мен санкциялардың еш әсер етпейтінін айтқан. Тек 10%-ы ғана солтүстік көршімен байланыстың зиянын алға тартып, Ресеймен барлық ұйымдардан шығу керегін айтты. 

Сауланама қатысушыларының 42%-ы Украинамен соғыс салдарынан Қазақстанда инфляция орын алуы мүмкін деген нұсқаны таңдаса, 15%-ы ешқандай әсері болмайтынын айтқан. Тек 10%-ы Ресейдің серіктесі ретінде Қазақстанға да экономикалық санкциялар салыну қатері бар деп есептеген. 

Зерттеушілер Ресейден Қазақстанға көшкен азаматтар туралы қатысушылар ойын білген. Респонденттердің жартысынан көбі (59%) бұған оң көзқарас танытқан. Олардың үштен бірі (34%) қонақжайлылық дәстүрін қолдаған. 14%-ы ресейліктер миграциясына қатысты алаңдаушылық білдірсе де, қолдайтынын айтқан. Ал 11%-ы мұның Қазақстан үшін жаңа мамандарды тарту мүмкіндігі екенін алға тартқан. 

Қазақстандықтардың 18%-ы миграцияға қарсы пікір білдірген. Олардың ойынша, бұл ұлтаралық және экономкалық шиеленіске әкелуі мүмкін.

Рубрика: