Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ауыр атлетикадан Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы медалін жеңіп алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап. 

Ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінд сынға түскен Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 155, серпе көтеуде 200 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 355 келіні еңсерді. 

 

Күміс медальді түркиялық Танер Чаглар (337 келі), қоланы Ирак өкілі Али Аммар Рубаяши (334 келі) иеленген. 

Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны. Бұған дейін ол Ташкентте өткен әлемдік додада 377 келіні бағындырып, жеңімпаз атанған болатын. 

Рубрика: