Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жалғызбасты ата-аналарға ерекше еңбек жағдайларын жасауды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сондай-ақ Президент мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ана мен баланы қолдау екенін жеткізді. Әйел адамдар бала күтімімен ұзақ уақыт отырғанда кәсіби қабілетін төмендетіп алатыны, тіпті жалғызбасты ата-аналарға мұндайда тіпті қиынға соғатынын айтып, оларға ерекше еңбек жағдайы жасалуы керек екенін атап өтті.

«Әсіресе, жалғызбасты ата-аналарға қиын. Оларға балаларына тиісті бақылау ұйымдастыру қиынға соғады. Сондықтан, оларға ерекше еңбек жағдайын жасау керек. Жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеу және қысқартылған жұмыс режимі құқығын заңнамалық деңгейде қарастырған жөн»,- деді мемлекет басшысы. Мемлекет басшысы өз кеңселерінде балалар бөлмесін ашқан ірі шетелдік компанияларды мысалға келтірді. «Мұндай тәжірбие бізде де нормаға айналуы керек. Ол үшін осы санаттағы қызметкерлердің мүдделерін ескеретін еңбек режимін реттеудің тиімді тетіктерін енгізу қажет. Бұл ретте еңбек процестерінің үздіксіздігін және тиісті өнімділікті қамтамасыз ету маңызды»,- деді Тоқаев.

kaz.nur.kz/

 

Рубрика: