Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстанның Әкімшілік кодексіне енгізу жоспарланып отырған түзетулерге сәйкес, елімізде заңсыз такси қызметі үшін жаза қатаңдатылуы мүмкін.

Бұл жайында толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқып-біле аласыздар.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасы 2021 жылғы тамыз айында ұсынылған болатын.

Алайда сол кезде заң жобасы қайта қарауға жіберілген еді. Енді «Ашық НҚА» порталында аталған заң жобасының жаңа нұсқасы жарияланып отыр.

Оған сәйкес, такси қызметін көрсету үшін тиісті құжаттар болуы керек. Әдетте бұл мәселе әр түрлі жеке тасымалдау қызметтеріне жұмысқа тұру сатысында шешіледі.

Сәйкесінше, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды ақшаға тасымалдаған көлік жүргізушілері әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін.

Мұндай құқықбұзушылық үшін ӘҚБтК 463-бабы бойынша («Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру») айыппұл салынады.

Айыппұл мөлшері: жеке тұлғалар үшін 15 АЕК немесе 45 945 теңге (2022 жылға сәйкес);

лауазымды тұлғалар үшін 25 АЕК немесе 76 575 теңге;

заңды тұлғалар және бизнес өкілдері үшін кәсiпкерлiк субъектiсiнiң көлемiне қарай және мүлкі тәркiленуi мүмкiн болған жағдайда 25-тен 150 АЕК-ке дейiн, яғни 76 575 теңгеден 459 450 теңгеге дейiн соманы құрайды.

12 ай ішінде тағы құқықбұзушылық тіркелсе, онда айыппұл мөлшері екі есеге көбеюі мүмкін. Жаңа түзетулерге сәйкес, айыппұл салудан бөлек, көлікті айып тұрағына қою жазасы да ұсынылып отыр.

Көлікті айып тұрағына қою Қазіргі уақытта көлік құралын айып тұрағына қою себептерінің тізімі Әкімшілік кодекстің 797-бабында көрсетілген.

Оған көлікті мас күйінде жүргізу, тұраққа дұрыс қоймау, көліктің техникалық талаптарға сай келмеуі және т.б. кіреді. Енді бұл тізімге ӘҚБтК 463-бабы бойынша заңсыз жолаушы тасымалдағандар да кірмек.

Яғни, заңсыз такси қызметін ұсынған жүргізушілердің көлігі де айып тұрағына қойылуы мүмкін. Айта кетейік, қазақстандықтар айып тұрағынан көлігін тегін ала алады.

Бұл үшін қандай да бір алымдар немесе төлемдер алынбауы қажет. Басты шарт — көліктің арнайы тұраққа жеткізілуіне әкеп соқтырған құқықбұзушылықтың себебін жою керек.

kaz.nur.kz/

Рубрика: