Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновқа операция жасалды. Ол бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

«10-қаңтар күні мені үйіме әкелген сәтте, мен әлі толық есімді жимаған болуым керек, алған жарақаттарым жайлы нақты сезбеппін. Ісіген, жырылған жерлерімді арнайы маймен сылап, тез жазылады деп ойладым. Ағам Рустамның арқасында мен ауруханаға қаралып, жағдайымның орташа ауыр екенін білдім. Нақтылап айтсам былай: Кеуде тұсым жарақаттанған, сол жақтағы V-VI қабырғаларым сынып кеткен, сол жақ пневмотораксі пайда болыпты, қабырғалар арасы ашылып кеткен, ми шайқалған, денемнің әр жері қанталап, ісіп кеткен және сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі тыныс алу қабілетінен айырылған, зақымдану дәрежесі 35%» деп жазды ол.

Қаралып болғаннан кейін, оны дереу арада реанимацияға апарып, операция жасалған. «Сол уақыттан бері мен ем алып, үш аурухана ауыстырдым. Тек қана жақындарым мен дәрігерлер ғана менің қалай қиналғанымды көрді», — дейді ол.

Рузахунов Қазақстанда өзін қалай негізсіз тұтқындағанын еске алды. «Осы уақытқа дейін қазақстандық БАҚ-тың сенсациялық видео арқылы ақымақ әрекеті қандай эффект бергенін білмедім, өйткені тұтқындау кезінде ұялы телефонымды, барлық заттарымды, ақшамды, жеке куәлігімді, жүргізуші куәлігімді, банк картасын алып кетті. Кейіннен ештеңе қайтарылмады, бәрі жұмбақ түрде жоғалып кетті», — деді джазмен.

Ол Қазақстанда әлі де жазықсыз ұсталып, қамауда отырған қырғызстандықтар барын айтты. Алайда қандай да бір БАҚ-қа сұхбат беруден бас тартты.

«Адырна» ұлттық порталы

Рубрика: