Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңеске мемлекеттік органдардың өкілдері мен өңірлердің басшылары қатысты. Қазақстанда Ashyq жүйесі мен көшеде маска тағу алынып тасталады.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады:

Эпидемиологиялық тәуекелдің «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде: «Ashyq» мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану; әлеуметтік қашықтықты сақтауға қойылатын талаптар; міндетті термометрия.

Эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию.

Үшінші. COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимдегі жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері).

Төртінші. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеу.

Кеңес соңында Е. Тоғжанов әкімдіктерге азаматтарды иммундау мен ревакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды.

Рубрика: