Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

АҚШ-тың Орегано штатына қарасты Юджин қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Аталған сынға Қазақстан атынан 12 атлет сынға түсуде. Олардың қатарында кениялық легионерлер де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қазақстандық Нора Джеруто финалға шықты.

Ол іріктеу кезеңін 09:01:54 уақыт көрсеткішінде аяқтап, жалпы қатысушылар арасынан 1-орынмен ақтық сынға өтті. Демек, Джерутоның алтынға таласатын мүмкіндігі зор. Осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей жарысты 19-орынмен аяқтап, іріктеуден аса алмады.

3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалдық кезең 20 шілдеге жоспарланған. Қазақстан атынан финалға шыққан спортшылар арасында тағы бір атлет бар.

Ол — биіктікке секіруден ел намысын қорғайтын Надежда Дубовицкая. Ол 1.93 метрді бағындырып, финалға өтті. Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 24 шілдеде мәресіне жетеді.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: