АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Қазақстан халқына» қоры қаңтар оқиғасы кезінде үйіне 20 күннен кейін оралған әскери қызметкердің ұлына көмектесуден бас тартты[:]

[:kz]

 

Қаңтар оқиғасынан кезінде 20 күн көрмеген әкесімен қауышқан Нұртастың видеосы желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен еді. Әскери қызметкер Ербол Ануарұлының 3 жастағы ұлы Нұртас ауыр дертке шалдыққан. Дәрігерлер екі жыл бұрын омыртқа бұлшық ет атрофиясы диагнозын қойған. Алайда «Қазақстан халқына» қоры Нұртасқа көмектесе алмайтынын айтып, жауап берген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жетінші» арнаның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Нұртастың бұлшық еті дерт салдарынан дамымайды, әрі күннен күнге асқына береді. Қазір бала құны 1 миллиард теңгелік қымбат екпеге мұқтаж. Отбасы қайырымды жандардың көмегімен емге қажетті 600 миллион теңге жинаған.

«Қазақстан халқына» қорына өтініш бердік. Бірақ көмектесуден бас тартты, себебі баланың жасы талапқа сай келмейді екен», — деді Нұртастың анасы Гауһар Қыдырбекова. 

Ал қор өкілдері екпені салу үшін Нұртастың жасы мен салмағы асып кеткенін айтты. Қауіпті болғандықтан балаға көмек көрсетуге қауқарсызбыз дейді. Тізімге енген төрт балаға екпе Қазақстанда салынады. 

«Бұл өнімнің жарамдылық мерзімі 1 ай ғана. Сонымен қатар дәрінің ресми ережесі бар. Ереже бойынша екпені 2 жастан аспаған және салмағы 10 келіге жетпейтін балаға салуға болады. Айта кету керек, аталмыш дәрілік өнім Қазақстанда тіркелмеген», — деді «Қазақстан халқына» қорының ресми өкілі Әйгерім Есенәлі.  

Нұртасқа екпе салу үшін Гауһар Қыдырбаева Дубайдағы халықаралық емханадан рұқсат алған. Шетелдік дәрігерлер берген қорытындыда баланың салмағы сай келсе болғаны деп көрсетілген. Енді Нұртастың ата-анасы осы рұқсат негізінде қорға екінші рет өтініш бермекші. 

“Қазақстан халқына” қорына жиналған қаржыдан науқас сәбилердің еміне 9,7 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл ақшаға 24 бала мен 2 ересекке қымбат препараттар сатып алынып, шетелдік технологиялармен оталар жасалады.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде 20 күннен кейін отбасымен қауышқан әскери қызметкердің видеосы тараған еді. Елде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ербол Ануарұлы жұмыста қалуға мәжбүр болған

[:]