Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жуырдағы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі туралы да пікір білдірген.

Бүгін журналистер Сыртқы істер министрінен Тимур Сүлейменовтің бұл айтқандары оның жеке ұстанымы ма, әлде жалпы Қазақстанның ұстанымы ма деген сұрақтың жауабын сұрады.

“Сүлейменовтің бұл сұхбаты ел басшылығымен келісілген бе еді, әлде оның жеке пікірі ме?” – деп сұрады журналистер. 

“Біріншіден, ол – ресми тұлға. Ол шетелдік басылымдардағы тілшілердің өтініші бойынша сұхбат берді”, – деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді. “Яғни келісілген, мемлекеттің ұстанымын білдіретін сұхбат қой?” – деп нақтыланған сұрақ қойды. 

“Біз дәл қазіргі уақытта Луганск Халық Республикасы сияқты, Донецк Халық Республикасының да тәуелсіздігін мойындамаймыз. Еуроодақ пен АҚШ-тың Ресейге қатысты жариялаған санкцияларының бәріне біз қосылып отырған жоқпыз, алайда біз үшін екі маңызды мәселе бар. Біріншіден, ол санкциялар Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі керек. Екіншіден, біздің территориямыз бұл санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылмауы керек”, – деді сыртқы істер министрі. 

Рубрика: