Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

БҰҰ бас ассамблеясының «Украинаға қарсы агрессияның гуманитарлық зардаптары» атты резолюциясын 140 мемлекет қолдады. Ал Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритрея елдері қарсы шықты. 38 мемлекет, оның ішінде Қазақстан қалыс қалғандардың қатарында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде «БҰҰ жаңалықтары» сайтында жазылды.

«Резолюция Ресейден Украинадағы соғыс қимылдарын дереу тоқтатып, бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасамауды талап етеді. Оның авторлары бейбіт тұрғындардың қауіпсіз өтуін, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға гуманитарлық қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндеттеді», — деп мәлімдеді БҰҰ.

Бас ассамблея делегаттарының қарауына екі қарар жобасы ұсынылды – біреуін Украина ұсынған әлемнің 100-ден астам елі, екіншісін Оңтүстік Африка ұсынды.

оон 1

БҰҰ Бас ассамблеясындағы дауыс берудің нәтижесі

Алайда, Украинаның тұрақты өкілі Сергей Кислица Оңтүстік Африка жобасы бойынша дауыс беруге қарсылық білдірді. Ол бұл жоба БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарсаңында Ресейден бөлек бір ғана делегацияның қолдауына ие болған ресейлік жобаның көшірмесі екенін жеткізді. Дауыс беруден кейін Оңтүстік Африка Республикасы ұсынған жоба қарастырылмады.

2 наурызда Бас ассамблеяның кезектен тыс 11-ші сессиясында «Украинаға қарсы агрессия» резолюциясы қабылданған еді. Ол кезде де халықаралық ұйым қабылдаған құжат Ресейден Украинаға күш қолдануын тоқтатуды талап еткен еді. Құжатты 141 мемлекет қолдап, сондай-ақ бес делегация – Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритрея қарсы дауыс берді. Ол кезде де Қазақстан қалыс қалған еді.

Украина және батыс елдері Мәскеуді азаматтық нысандар мен бейбіт халыққа шабуыл жасады деп айыптап келеді. Ал Ресей мұны жоққа шығарады.

Рубрика: