Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге жұмсалмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық жоба шеңберінде 2021-2025 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдық елді мекендерге 261 млрд теңге бөлу көзделуде.

 

“Ағымдағы жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға 151,4 млрд теңге, оның ішінде қалаларда – 77,3 млрд теңге, ауылдарда – 74,1 млрд теңге көзделген», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бейбіт Шаханов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 95% сапалы сумен жабдықтау көзделген, бұл көрсеткішті қалада – 98%, ауылда – 91,8% жеткізу жоспарланған.

  • Бейбіт Шаханов сондай-ақ, Қазақстанда тұрғындарының саны 10-ға жетпейтін 45 ауыл барын жеткізді. 

    «Ел бойынша барлығы 6 316 ауыл бар. Оның ішінде халық саны 50 адамнан кем – 348 ауыл (10,1 мың адам) және 10 адамнан кем – 45 ауыл (253 адам) бар. Оның ішінде 3 991 ауыл орталық сумен қамтылған, 403 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. Ауызсумен қамтылмаған 1 922 ауылдың 793-інде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр», — деді комитет басшысының орынбасары.

Рубрика: