Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АСТАНА. 4 наурыз. Baq.kz — Шахтерлік Биндура қаласында Зимбабве президенті Роберт Мугабенің туған күн кеші өтті. Мерекелі жиынға мыңнан астам қонақ жиналды. Бұл туралы Би-Би-Си мәлімдейді.

Мемлекет басшысының жасына орайластырылып салмағы 89 келі тартатын мерекелік торт жасалған.
Туған күн құрметіне орай естелік алтын монеталар шығарылып, барлық той-томалақ 600 мың долларға шығыпты.
Осы меркелік кеште жиылған жұртқа алғысын білдірген Мугабе саяси оппонеттеріне қарсы «озбырлық компаниясының» ашылғанын жоққа шығарды.
30 жыл бойы билік басында отырған Мугабе осы жылы өтетін президенттік сайлауға қайта түспекші.

 

http://baq.kz/news/24163

Рубрика: