Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

gggБелоруссия билігі ерекше заң жобасын қабылдамақ ойда. Енді жұмыс істемей отырған кез келген адам мемлекет қазынасына кіріс келтірмесе, жыл сайын салық төлейтін болады. 

Әрине, бұл заң жобасы құп­тауға тұрарлық. Елде жұмыссыздар көбейіп барады. Мемлекеттің мойнына масыл болып отырғандар жетерлік. Мұны жоюдың жолы қайсы? Беларусь билігі олардан құтылудың жолын тапқан секілді. Енді бюджетке кіріс түсірмейтін жалқаулар жұмыссыз жүргені үшін мемлекеттік қазынаға жыл сайын 2,6 миллион рубль төлейтін болады. Бұл шамамен 280 дол­лардай деген сөз.
Жалпы, бұл мәселе белорус қоғамында бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Өткен жылы елдің вице-премьері Анатолий Тозик «бізде қоғамға салмағын салып отырған 400 мың адам бар, олар­дың ішінде төрт мыңы қаңғыбастар мен ішімдікке салынғандар. Өт­кен жылы біз оларды далада қатып қалмас үшін жинап, тамақтан­дырдық, асырадық. Бірақ мем­лекеттің жақсылығын жұмыс­сыздар мен қаңғыбастар түсініп отырған жоқ. Сондықтан бір шара қолдану керек» деп мәлім­деме жасағаны белгілі. Енді міне, көрігі қызып тұрған мәселе шын­дық­қа айналар түрі бар. Жаңа заң­дылыққа сәйкес, енді шенеу­ніктер ғана емес, қарапайым адамдар да салық органдарына табыс декларациясын өткізу қа­жет. Жұмыссыз адамға мәжбүрлеп салық төлету адам құқын бұзу болып табылмай ма?
– «Жоқ, – дейді белорустық шенеуніктер. – Мемлекет бюд­жет­тік шығынын қалпына келтіру үшін кез келген ел азаматы салық төлеуге міндетті».

Берік Бейсенұлы

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/35331

Рубрика: