Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Сіз жұмыс іздеп жүрсіз бе? Жаңадан университет бітіру алдында тұрсыз, бірақ, лайықты жұмысыңызды әлі тапқан жоқсыз, солай ма? Онда өзіңіз сияқты бітіруші студент қалай жұмыс тапты екен, соған назар аударыңыз.

Англияның «Күнделік пошта» газеті 15 ақпан күні мынадай қызықты ақпарат берді. Адам Пакитти есімді университет тәмамдаушы студент өзінің қалтасында қалған ең соңғы 500 фунт стерлинг (шамамен 120 мың теңге) ақшасына көше бойындағы үлкен жарнама тақтасын сатып алып, оған өзінің жұмыс іздеп жүргені жайлы ақпарат жазған.

Адам Пакитти (Adam Pacitti) оқуы біткеннен кейін бірнеше ай бойы жұмыс іздеп сандалған. Ақыры Лондондағы үлкен жарнама тақтасына өзінің суретімен қоса «Мен ең ақырғы 500 фунт стерлинг ақшамды осы жарнама орнына жұмсадым. Маған жұмыс беріңіз» деп, төмен жағына өзінің жеке уеб парақшасын жазған. Ойламаған жерден ол үлкен табысқа жетті. Осы жарнама ілінген күннен бастап оған 100-ден аса жұмыс ұсынылған.Қазір Адам Пакитти көңілдегідей жұмыс тапты. Бәлкім, бұл әдіс сіздің өміріңізге өзгеріс жасауға көмектесіп қалар.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: employadam.com

 

http://massaget.kz/alemtanu/shartarap/8309

Рубрика: