Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

iuoСоңғы үш жылдың ішіндегі статистикалық деректер динамикасы жол-көлік оқиғалары (ЖКО) салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер санының күрт өскендігін көрсетіп отыр. 

Республика бойынша жол апаты көрсеткішінің жалпы мәліметі мынандай: 2010 жылы – 12008 ЖКО орын алып, 13878 адам жарақат алған, қаза болғаны – 2797. 2011 жылы – 12019 ЖКО, 14000 адам жарақаттанған, қаза болғаны – 2707. 2012 жылы – 14168 ЖКО, 11951 адам жарақат алған, қаза болғаны – 3022. Ал биылғы жылдың 9 айында – 15397 ЖКО орын алды, 19964 адам жарақат алған, қаза болғаны – 2138. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік органдарды ғана емес, бүкіл қоғамды қатты алаңдатып отыр. Осыған байланысты Бас прокуратура ЖКО санының артуына мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларға талдау жасап, өз ұсыныстарын ортаға салды.
ЖКО салдарынан қаза бол­ған­дар санының өсу себептерін талдау нәтижесіне қарағанда, олардың саны соңғы жылдары күрт өскендігін байқауға болады. Бұл оларды есепке алу тәртібінің өзгеруіне байланысты. Бұған дейін «қаза болғандар» ретінде ЖКО салдарынан 7 тәулік ішінде қайтыс болған адамдар есепке алынатын. Жаңа талаптар бо­йын­ша бұл мерзім 30 тәулікке де­йін ұзартылды. Екіншіден, 2010 және 2011 жылдарға кел­тірілген статистикалық де­рек­терді жол полициясы органдары қалыптастырған, ал 2012 жыл­дан бастап оларды есепке алу­ды Бас прокуратура жүргізетін бол­ды. ЖКО есепке алу функциясын жол қозғалысы қауіпсіздігіне жа­­уапты органның құзыретінен алып қою шынайы статистикалық есеп жүргізуге мүмкіндік берді. Осыдан бастап ЖКО көрсет­кіш­тері өсе бастады. Шын мәнінде, жол апаттары да, одан зардап шек­­кендердің саны да жария­ланып жүрген шамадан көбірек екен.
– Бас прокуратура  тара­пы­нан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнаманың қолданылуына үнемі тексерулер жүргізілуде. Тек­серіс нәтижелері ішкі істер және жергілікті атқарушы ор­ган­дардың жол қозғалысы қауіп­сіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды өз дәреже­сін­де атқармайтынын куәландырып отыр, – дейді Бас прокуратураның Әлеуметтік саладағы заңдылыққа қадағалау жасау жөніндегі бө­лімінің бастығы Азамат Дүйсем­беков. – Үстіміздегі жылы арты өлім-жітімге әкеп соқтырған ЖКО туралы статистикалық де­рек­терді талдай отырып, олардың орын алуының себептерін анық­тауға тырыстық. Талдау нәти­же­лерінің көрінісі мынандай: рес­публика бойынша 864 адам (тіркелген барлық жол апатта­рын­дағы өлім-жітімнің 40 пайы­зы) қаза болған 12185 ЖКО (79,1 пайыз) елді мекендерде орын алған. Елді мекендерден тыс жерлерде тек 3227 ЖКО (20,9%) орын алып, 1264 адам­ның (59,1%) қаза болуына әкеп соқтырған. Осылайша елді ме­кендерден тыс жерлерде орын алған апаттардың 40 пайызы қай­ғылы жағдайға әкелген. Қар­сы жолға шығып кету нәтижесінде (елді мекендерден тыс жерлер­дегі ЖКО) 1238 ЖКО (8%) орын алып, онда 459 адам (21,4%) көз жұм­ды. Осыны ескере отырып, жол­дарда өлім-жітімді азайту үшін ең алдымен елді мекен­дер­ден тыс жерлердегі жол қоз­ға­лысы қауіпсіздігін қамта­масыз ету қажет. Бұған 4 және одан да көп қозғалыс жолдары бар авто­жолдар енгізу, қозғалыс ба­ғыт­та­рын тосқауылдарымен бөлу, ай­налмалы қозғалыс қиылыс­та­рын «жандандыру» арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, «Ас­та­на – Бурабай» автомагистралін пайдалануға бергеннен кейін аталған учаскеде апаттар саны 2 есеге дейін азайды. Қаза бол­ғандар саны 17 есе төмендеді. Қа­зіргі таңда елімізде осындай бір­неше автомагистральдар са­лынып жатыр. Алайда жол по­ли­циясы органдары аса апатты учас­келерді анықтап, олардағы қауіп­сіз қозғалысты қамтамасыз ету шараларын қабылдауға мін­детті.
Бас прокуратура жол апат­тарына себеп болатын Жол қоз­ғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзу­шы­лықтарға да талдау жасаған. Олар­дың ішіндегі ең негізгісі жә­не ең қауіптісі – жылдамдықты асыру деп танылды. Үстіміздегі жы­лы осындай себептен 3699 ЖКО орын алып, онда 822 адам қа­за болыпты. Жылдамдықты асыру­дан қаза тапқандар саны көр­сеткіш бойынша ең жоғары тұр. Одан кейін мас жүргізу­ш­і­лер­дің апатты жағдайларға ұшы­рауынан көп адамдар қайтыс бо­лады екен. Алкогольден және есірт­кіден мас күйінде 666 ЖКО орын алып, 51 адамның көз жұм­уына себеп болды.
Бас прокуратураның бөлім бас­тығы Азамат Дүйсембековтің айтуынша, қайғылы жағдайлар­мен аяқталған ЖКО орын алуы­ның тағы бір аса маңызды себебі шар­шау, көлік тізгінінде ұйықтап кету болып табылады. Биыл осын­дай жауапсыздықтың сал­дарынан 48 адам қаза болған. Тексеру нәтижесі жүргізушілер ара­сында еңбек және демалыс ре­жимін бұзушылықтың кең та­ралғандығын көрсетіп отыр. Жүр­гізушілердің еңбегі мен де­ма­лысын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды пайдалану ере­желерінде тұрақты бағыт­тар­да жүргізушілердің күнделікті кө­лік құралдарын басқару ұзақ­тығы 9 сағаттан аспауы тиіс екен­­дігі көзделген. Осыған бай­ланысты жүргізушілердің еңбек және демалыс режимдерін бұз­ғандығы үшін олар жұмыс істей­тін ұйымдардың міндетті жауап­кершілігін енгізу ұсынылды. Бұл жұмыс берушіден заңнаманы сақтау бойынша нақты шаралар қабылдауын талап етеді.
Прокуратуралық тексеру­лер­ге қарағанда, жүргізуші куә­лік­те­рін беру кезіндегі заң бұзушы­лық­тар әлі де орын алуда. Нар­ко­логиялық және псих­о­невро­ло­гиялық диспансерлерде арнайы есепте тұрған адамдарға жүр­гізу­ші куәлігін беру фактілері жыл сайын анықталып отыр. Бұл ретте Жол полициясы комитетінің өзі 2012 жылы 30 жүргізуші куә­лігін медициналық анық­та­масы жоқ адамдарға берген. Оқыту са­пасын қамтамасыз ету және жүр­гізуші куәліктерін беру рәсі­мін сақтау да жол қозғалысы қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етуге жәр­демдеседі.
– Осы айтылғандармен қоса, көбінесе статистикалық көр­сет­кіштерде көрсетіле бермейтін ЖКО өзге де себептерін атап көр­сеткен жөн. Қазақстан Үкі­меті 2012 жылдың 12 ақпанында қабылдаған «Көлік құралдары­ның жүргізушілерін даярлау қа­ғидасын бекіту туралы» қаулысы жүргізушілерді даярлауға және оқу-материалдық базаға қойы­латын біркелкі талаптарды бі­рың­ғайландыруға және енгізуге мүмкіндік берді. Жеделдетілген курстар мен өз бетінше дайын­дық­ты алып тастау, әрине, жүр­гізу­­шілерді даярлау сапасына да әсер етеді. Оның үстіне жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі заң бұзу­шылықтар әлі де орын алуда. Нар­кологиялық және психо­нев­рологиялық диспансерлерде ар­найы есепте тұрған адамдарға жүргізуші куәлігін беру фактілері жыл сайын анықталып отыр. Бұл рет­т­е Жол полициясы комитетінің өзі 2012 жылы 30 жүргізуші куәлігін медициналық анық­та­масы жоқ адамдарға бергенін айту­ға болады. Сондай-ақ ІІМ Жол полициясы комитеті көлік құ­ралдарын басқару құқығына тео­риялық және практикалық ем­тихандар қабылдайтын сынақ тап­сыру комиссиясын құрмаған. Осыған байланысты емтихан­дарды бұған уәкілетті емес ла­уа­зымды тұлғалар қабылдаған. Оның үстіне 17 жүргізуші куәлігі практикалық емтихан өткізілмей берілген. Оқыту сапасын қамта­масыз ету және жүргізуші куә­ліктерін беру рәсімін сақтау жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін қамта­ма­сыз етуге жәрдемдеседі. Бағ­даршамдардың, жол белгілері-нің болмауы, жаяу жүргінші жол­­­­­­дарының салынбауы – рес­пуб­­ликаның барлық өңірлеріне тән жағдай. Бұл жолдардың мұн­дай бөліктерін анықтауға міндетті Жол полициясы органдарының әрекетсіздігінен, сондай-ақ жол қоз­ғалысы қауіпсіздігін қам­та­масыз ететін инфрақұрылымды дамытуға міндетті жергілікті ат­қару­шы органдардың дер ке­зін­де шаралар қабылдамауынан болып отыр. Мысалы, Солтүстік Қа­зақстан облысы Таранов ау­да­нының әкімі жол полициясы ор­гандарының жазбаша үкімін-де көрсетілген 92 жол белгісінің 6-ауын ғана орнатқан. Жолау­шы­лар мен жүк тасымалдау бойын­ша «жабайы нарық» проб­лемасы әлі күнге дейін шешілмей келеді. Астана прокуратурасының өзі бір аптаның ішінде рұқсат құ­жаттары жоқ тұрақты емес жолаушылар тасымалын жүзеге асырудың 28 фактісін анықтаған. Аталған проблеманы шешуге ЖҚЕ бұзушылықтарды рәсімдеу тәртібін реттеу ықпал етеді деп санаймыз. Жол полициясы қыз­меткерлерінің іс-әрекеттерін, оның ішінде жүргізушінің өзі де бейнеге түсіруі белгілі бір дең­гей­де олардың заңсыз іс-әре­кеттеріне тосқауыл қоюға мүм­кіндік туғызады. Біздің ойы­мыз­ша, Жол полициясы қызмет­кер­лерінің тәртіптік жауапкершілігін күшейтіп, сапалы қызметтік тек­серулер жүргізілуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар қо­ғам­да қалыптасқан жол сақшысының жағымсыз имиджі қызмет атқару тәртібін түбегейлі өзгертуді қа­жет етеді. Бұл ретте Жол поли­ция­сы қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы атқаруы жол қозғалысына қатысушылардың құқықтарына нұқсан келтірмеуі тиіс. Осындай жоғарыда айтылған мәселелерді ескеріп, бұған дейін жол қоз­ға­лы­сы қауіпсіздігін қамтамасыз ету­ге бағытталған заңнама ке­шенді түрде рефор­ма­лан­ба­ға­нын назарға ала отырып, Ішкі іс­тер министрлігіне бірлесіп ұсы­ныстар әзірлеу және оларды жүйелі деңгейде және ұзақ мер­зімді түрде әрі қарай іске асыру үшін жұмыс тобын құруды тап­сыру ұсынылды, – дейді Бас про­­­куратураның Әлеуметтік са­ла­дағы заңдылыққа қадағалау жасау жөніндегі бөлімінің бас­тығы Азамат Дүйсембеков.

http://www.aikyn.kz/articles/view/35321

ТӨРЕЖАН Қайыржан

 

 

Рубрика: