Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 19 ақпан. Baq.kz – Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу идеясын қолдайды. Бұл туралы бүгін Орталық комнукациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді.

Брифингке Рахманов Алшановтан бөлек, Атырау мұнай және газ институтының ректоры Дүйсембек Құлжанов Астана медицина университетінің ректоры Мәжит Шайдаров, С. Сейфуллин атындағы қазақ агро-техникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаев, Еуразия гуманитарлық институтының бірінші проекторы Амангелді Ысмайылов қатысты.

– Еліміздің аккредитациядан өткен 77 оқу орындарының басын біріктірген Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы Қазақстан халқы ассамблеясының 2015 жылғы кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды. Бұл ұсыныс шешуі кезеңде біздің қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәселелерге баса назар аударып, мемлекеттік стратегиялық бағыттарға арналған бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз. Осы қадамдар арқылы біз экономикалық тұрғыдан есептегенде, сайлауға жұмсалатын бюджет қаржысын айтарлықтай үнемдей аламыз. Бүгінгі таңда бейбітшілік пен тұрақтылықты ынтымақ пен бірлікті нығайтудың қоғам мен мемлекеттің еліміздің барша азаматтарының күш-жігерін жұмылдыруға маңызы зор. Осыған байланысты Қазақстан халқы ассамблеясының ұсынысын қолдай отырып, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы кезектен тыс Президент сайлау өткізу бастамасын халық мүддесіне сай келетін ең дұрыс шешім деп санайды. Бұл тәуелсіз елдің болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Осы шешімді біздің қауымдастық бір ауыздан қолдады, – дейді Р. Алшанов.


http://baq.kz/kk/news/61093

Рубрика: