Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

©mod.gov.kz фотоҚазақстанда жоғары әскери оқу орындарына қабылдау ережелері бекітілді. ҚР қорғаныс министрінің тиісті жарлығы ресми баспасөзде жарияланды деп хабарлайды ҚазТАГ ақпарат агенттігі.

«Жоғары әскери оқу орындарына қабылдауға қоса тіркеліп отырған ережелерді бекітуді жарлық етемін», — делінген құжат мәтінінде.

Жарлыққа сәйкес, жергілікті әскери басқарма органдары облыстар мен Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармаларымен бірлесіп, әскери бөлімдер мен мамандандырылған мектептер үлгі бойынша мамандықтар тізімі мен қабылдау жоспарының негізінде кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізіп, оқу істерін рәсімдеумен бірге ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқарманың медициналық байқау нәтижелері бойынша оқуға түсетіндердің тізімін қалыптастырады.

Әскери қызметкерлердің арасынан түсушілер түсетін жылдың 1 маусымына дейін командирдің атына әскери дәрежесін, тегін, аты мен әкесінің есімін, туған күнін, атқаратын лауазымын, білім деңгейін, оқығысы келетін әскери оқу орны мен мамандық атауы көрсетілген баянатпен (рапорт) жүгінеді. Әскери бөлімнің командирі оқуға түсушінің тапсырған баянаты негізінде оған оқу демалысы есебінен әскери қызметкерлерге және КТ тапсыруға арналған құжат тізімінде көрсетілген құжаттарды жинауға мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Әскери қызметте тұрмаған азаматтар мен тәрбиленушілер арасындағы оқуғатүсушілер түсетін жылдың 25 шілдесіне дейін жергілікті әскери басқарма органдарына немесе мамандандырылған мектептердің басшыларына арызбен жүгінеді.

Жоғары әскери оқу орындарына алуды қабылдау комиссиясы іске асырады. ҚР қорғаныс министрлігінің әскери білім және ғылым департаменті жыл сайын түсетін жылдың 20 маусымына дейін қорғаныс министрлігінің жарлығымен қабылдау және апелляциялық комиссия құрамдарын, олардың міндеттемелерін, қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын, сондай-ақ ҰБТ мен КТ шекті ұпайын бекітеді. ЖОО-ларға қабылдау 1-25 тамыз аралығында байқаулық негізде сертификат ұпайы, сондай-ақ медициналық, физикалық, психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша мәліметтер есебінен жүргізіледі.

Қабылдау комиссиясы жұмысының аяқталуы бойынша қабылдау комиссиясы оқуға алу немесе бас тарту, сауалнамалық мәліметтердің көрсетілуімен мамандықтар бойынша шешім шығарады, ол 1 қыркүйекке дейін ӘБҒД-ға ұсынылады. Қабылдаушы жақ оқуғатүсушімен, байқаудан өтушімен әңгімелесу және/немесе қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес келетін емтихандар өткізеді. Әңгімелесу мен/немесе емтихандардың нәтижелері оқуға алу кезінде шешуші болып табылады.

Жарлық оның алғаш ресми баспасөзде жариялануынан кейінгі 10 күнтізбелік күн ішінде күшіне енеді.

 

http://alashainasy.kz/ubt/50502/

Рубрика: