Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Хевронда қарауылдап жүрген израильдік патруль. 30 маусым 2014 жыл.Осы айда Иордан өзенінің батыс жағалауында жоғалып кеткен израильдік үш жасөспірімнің өлі денелері табылды. Израиль әскерилерінің хабарлауынша, жасөспірімдердің денелері 30 маусымда өздері Хеврон ауданының маңында, 12 маусымда жоғалып кеткен жерден қашық емес аумақта табылған. Олардың қалай өлтірілгені белгісіз.

Жасөспірімдердің денелері табылғаны белгілі болмай тұрып Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметтің төтенше жиынын өткізген. Франция президенті жасөспірімдердің өлімін айыптады. Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон қылмысты «кешірілмес теракті» деп атады.

Израиль билігі жасөспірімдердің ұрлануына Газа секторын басқаратын ХАМАС қозғалысының қатысы бар дейді.

30 маусымда Нетаньяху ХАМАС-тан Газа секторынан Израиль территориясын зымыранмен атқылауды тоқтатуды талап етіп, егер талабы орындалмаған жағдайда Тель-Авивтің күш қолдануға мәжбүр болатынын ескерткен.

http://www.azattyq.org/content/news/25440874.html

Рубрика: