Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ДУШАНБЕ. 24 сәуір. Baq.kz- Тәжікстан билігі Ресейдің саяси элитасының сөзіне қатты ашуланды, деп хабарлайды Avesta.tg. Душанбеде Ресей елшісі Юрий Поповқа осыған қатысты нота тапсырылған.

Тәжікстанның наразы болуына Ресейдің либералды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің сөзі себеп болған.
18 сәуір күні «Россия-1» телеарнасындағы «Жекпе-жек» бағдарламасы үстінде Жириновский тәжіктердің көңіліне тиетін сөздер айтқан.
«Қазір сендердің достарың — тәжік коммунистері біздің Тәжікстандағы базамыз үшін төленуге тиісті ақыны тағы арттырғалы жатыр, — деген Жириновский «Трудовая Россия» партиясының өкілі Виктор Анпиловқа. Көпе-көрнеу! Ресейде ақшаның бар екенін біліп істеп отыр. Ал біз оларға сендердің жұмысшыларыңды ендігәрі жұмысқа алмай қоямыз дейміз. Сонда республика басшысы Рахмон не дер екен?! Ол онда күнінің бітетінін жақсы біледі. Ауғандықтар Тәжікстанды басып алады. Ал оны Наджибулла сияқты Душанбенің орталығында асып қояды», — деп соққан болатын ол.

Рубрика: