Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ЛДПР төрағасы Владимир Жириновский өткен жұма күні Мемлекеттік Думаның жиыны басталар алдында журналисті сөгіп,балағаттағаны белгілі.Жириновскийдің этикалық әрекетке сай емес қылығынан кейін «Россия сегодня» ақпарат агенттігінің тілшісі ауруханаға түсті.

Ақиқатына келсек, 18 сәуір күні ЛДПР төрағасы Мемлекеттік Думаның ғимаратында өзіне сауал қойған қойған Стелла Дубовицкаяға дүрсе қоя бергені белгілі. Оқиғаға баға берер болсақ, Жириновскийдің бүліне қоятынындай ештеңе бола қойған жоқ.  «Россия сегодня» агенттінің тілшісі «16-мен 60 жасқа дейін Ресей азаматтарын Украинаға кіргізбеу туралы ресми Киевтің әрекетіне ресми Мәскеу тарапынан қандай да бір санкция жасалына ма?» деп сауал қойған.  Оған ЛДПР төрағасы дүрсе қоя берген. Сосын тілшіні қорғамақ болған  «Интерфакстің» тілшісі Юлия Чучалованы да балағаттап, біраз жерге апарып тастаған.

–Аяғы ауыр әйелдің мұнда тұруға қақысы жоқ. Думаның ғимаратында екіқабат әйел неғып жүр?Аяғы ауыр ма, онда үйінде отырсын! Ішіндегі баласын сақтасын! Дені сау адамдар бізде жетеді. Сен неменеге араша түсіп тұрсың? Кет, бұл жерден! Мына түріңмен «Интерфакстегі» жұмысыңнан айрыласың! Ана Киевтегі «Майданда»  да сендер секілді екіқабат әйелдертолып жүр. Мұнда да сондай. Нашақорлар, басқалар көп. Бізге дені сау адам керек. Аяғы ауыр әйел жұмысқа шыққанша, баласын сақтап үйінде отырсын! Сен секілді кім көрінгенге  ара түсетін көгілдір құрбылардың азайғаны жақсы. Мынаны қуып шығыңдар, екеуін де. Сұрақ бар ма? Түсінікті ме? Болды, сау болыңдар!»

Жириновскийдің бұл сөзі қоғамдық орта  мен ресейлік журналистер арасында үлкен наразылық туғызды. Өз сөзіне есеп бере алмайтын мұндай саясаткерді Мемлекеттік Думада бір ай бойы сөз беру құқынан айыру туралы мәселе көтерілді. Ал «Россия сегодня» агенттінің тілшісі аяғы ауыр Стелла Дубовицкая осы жағдайдан кейін ауруханаға түсті. Бірақ өзінің оспадарсыз қылығына ұяла қоятын Жириновский жоқ. «Ресей -1» телеарнасында «Владимиром Соловьевпен жексенбілік кеш» атты бағдарламасына келіп, қойылған сауалға жауап берді.

–Мен жұма күні Думаның жиыны басталар алдында тілшінің сауалына жауап бере отырып, оны аздап сөгіп, балағаттап жібергенімді мойындаймын. Біріншіден, жас қыздың аяғы ауыр екенін байқамай қалдым, Сондықтан менің сөзім арына тиген болса, одан да, басқалардан да кешірім сұраймын. Егер оған қандай да бір медициналық көмек, қолдау қажет болса, материалдық жағынан қол ұшын беруге әрқашан даярмын,–деп мәлімдеді ЛДПР төрағасы.

Айтарын айтып алып, қашан да өз ісіне ұялмай кешірім сұрай беретін Владимир Жириновскийдің әрекетіне тойтарыс беріп, әріптесіне ара түскен парламенттік тілші Юлия Чучаловаға «Интерфакстің» басшылығы алғыс білдіріп,  материалдық сыйақы тағайындағанын айта кету керек. Чучалова өз кезегінде Жириновскийге қойылған сауалға этикаға сай жауап беруін өтініп, әріптесінің аяғы ауыр екені айта кеткен. Бірақ мұны тыңдайтын ЛДПР төрағасы ма? Оны да сөгіп қоя берген. Ақырында не болды?

Қазір аталған оқиғаға орай Мемлекеттік Думаның этикаға сай әрекет ету жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Андрей Андреев Жириновский журналистен кешірім сұраса да, оның әрекеті арнайы отырыста қаралатынан айтты.

– Мемлекеттік Дума төрағасының да орын алған оқиғаға орай арнайы тапсырмасы бар. Сондықтан комиссия аталған мәселені қарап, бір шешім шығаруы қажет, –дейді Думаның этикаға сай әрекет ету жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Андрей Андреев.

 Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

http://www.aikyn.kz/

Рубрика: