Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

ппАстана. 28 маусым. Baq.kz – «Дәл осындай ұсынысты жоғарғы палатаның адам саудасы жөніндегі заң жобасын қарастырған отырыста сенат депутаты Иран Әміров мәлімдеді», — деп хабарлайды “NUR.kz” ақпараттық порталы.

Депутат бұған дейін де осы мәселелерді көп қозғап жүргендердің бірі болатын. Сенатордың пікірінше, жеңгетайларды ғана емес, жезөкшелерді де жауапқа тарту қажет. Қазір елде тек жезөкшелікке итермелегендер ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, енді жезөкшелердің өздері де әділ соттың алдында жауапқа тартылатын болады. Қазақстанда тәнін саудаға салып, арын аяққа таптап жүргендердің көпшілігі бала туатын жастағы қыздар. Сондықтан да бұлардың алдын алмаса, келешекте дені сау бала туылмайтынын айтады. “Бір түнде 10 еркекпен болған әйел болашақта дені дұрыс бала туады ма? Отанның, жердің қамын ойлай ма ол, халықтың, жанұяның қамын ойлайды ма ол? Ол түк те ойламайды, бір күндік, бір айлық, бір жылдық. Бұрын онымен айналысатын Өзбекстан, Қырғызстан еді, енді өзіміздің қаракөздеріміз де көбейіп барады. Милиционерлер біледі осыны, білмесе онда грошь цена оларға. Заң неге қабылдамаймыз?” — деді сенатор Иран Әміров. Бұл ұсыныс депутаттар арасында құпталып, “Адам саудасы жөніндегі заң жобасына” енгізілетін болды.

 

http://www.baq.kz/kk/news/31282

Рубрика: