Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

«Қазақстандағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерді асырап алатындарға бірмезгілдік жәрдемақы беру туралы мәселе қаралып жатыр» деп мәлімдеді Білім және ғылым министрлігіндегі Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрайымы Раиса Шер.  Жетімдер үйінен бала асырап алған адам­дарға қаржылай сыйлық беру мәселесі бұрыннан бері талқылануда. Қазір үкіметтегілер бұл мәселені жан-жақты талқылап, жетім баланы асырап алған адамға бірмезгілдік жәрдемақыны беру жөн деп тауыпты. Мәселе оның қан­дай көлемде болатынына келіп тіреледі. Әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, қаржыгерлер 132 мың теңге, 446 мың немесе 779 мың теңге көле­міндегі үш соманы мөлшерлеп отырған көрі­неді.


Раиса Шердің айтуынша, сыйақы алған адам асырап алған баланы өсіріп-жеткізуге міндетті. Егер ол адам жәр­демақыны алғаннан кейін асырап алған баладан бас тартқан жағдайда, ол алған ақшаны тұтастай қайтарады және оның үстіне қосымша салынатын айыпты тө­лейді. Жаңа құжат бойынша жетім ба­лаларды пайдаланып, ақша тапқысы келгендерге осындай тосқауыл қойыл­ған. Сондықтан бала асырап алушы жәр­демақыны алғаннан кейін ол баланың тағдыры толықтай сол отбасына мін­деттеледі.
– Бала асырап алған жағдайда сыйақының қандай түрі тиімді болмақ? Бірмезгілдік жәрдемақы ма, сыйақы ма, жоқ, ай сайын берілетін жәрдемақы ма деген мәселені шенеуніктер үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып анықтады. Сауалнама алынғандардың 74 пайызы бірмезгілдік жәрдемақы төленгені дұрыс деп санайды. Содан кейін мамандар осы мәселе бойынша басқа елдердің тәжірибелерін салыс­тырып, жәрдемақының үш сомадағы көлемін ұсынды. Оның қайсысына Үкіметтің тоқталатыны әзірге белгісіз. Бірақ жәрдемақы 2015 жылдан бастап төлене бастайды, – дейді Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрайымы Раиса Шер.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

http://www.aikyn.kz

Рубрика: