Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Астана. 18 сәуір. Baq.kz – Астрономдар Жерге өте қатты ұқсайтын ғаламшар тапқандығын жариялап отыр. Айтуларынша, бұрын ғылымға белгілі болған планеталардың арасында мұндай ұқсастық кездеспеген.

«Кеплер-186-F» деп аталатын ғаламшар «тіршілікке қолайлы» жұлдыздар орналасқан галлактикада. Астроном ғалымдардың пікірінше, ол планеталарда тіршілік иелері болуы ғажап емес.
Аталған жұлдызда ауа райы қатты ыстық та, суық та емес. Ал, беткі қабатында сұйық күйдегі судың болуы ықтимал. Егер ол болған жағдайда планетада тіршілік мінетті түрде болады.
Тіршілікке бейім ғаламшардың Күн секілді орталық жұлдызы бар. Ол Күннен әлдеқайда шағын және температурасы да төмендеу. Ал, «Кеплер-186-F» Жерден сәл ғана үлкен.

http://baq.kz/kk/news/46007

Рубрика: