Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қытай елінде жер сілкінісінен алдын-алдан хабар беретін ең үлкен жүйесі жасалды. Бұл туралы «Жаңа техника арқылы апаттын алдын алу» орталығы зерттеу кеңсесінің бастығы Уан Дунг 18 наурыздағы тілшілерге берген сұхбатында кең көлемде таныстырды.

Мемлекеттік ғылым-техника министірлігінің тапсырысымен жасалынған бұл техника 400мың километр квадрат аумақты қамтиды екен және соншама кең аумақтың қай жерінен сілкініс орталығы байқалса дер кезінде хабар үлгереді.

Бұл туралы Уан Дунг «Бұл техниканың қамтитын көлемі Жапониядағы ең ірі жер сілкінісінін жедел хабар беру жүйесінен әлде қайда кең. Әлемдегі ең ірі жүйе деп айтуға болады. Ал уақыт жағынан келер болсақ Жапониядағы осыдан бұрынғы ең ірі техникалық жүйенің жедел хабар беру уақыты 9 секунд болатын, ал жаңа техниканың жедел хабар беру уақыты 7 секунд» дейді.

Егер жер сілкінісінен 3 секунд бұрын хабар берілсе өлім-жітім жағдайын 14 пайызға төмендетуға, ал он секунд бұрын хабар берілсе 39 пайызға төмендетуға болады екен.

Айта кетерлігі, жер сілкінісінен хабар беретін ең ертедегі техника да осыдан мыңдаған жылдар бұрын осы елде қытай хандықтары тұсында жасалынған қазан болатын.

б.з.д. 132 жылы Қытай елінде жасалған жер сілкінісінен алдын-ала хабар беру аспабы.

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

http://massaget.kz/tehno/9252

Рубрика: