Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жер серігі француздық Гвианадағы Куру ғарыш айлағынан 28 сәуірде 22 сағат 35 минутта ұшырылатын болады, 
Бұл 29 сәуірдегі 07 сағат 35 минутАстанауақытынасәйкескеледі.

«KazEOSat-1» (Kazakhstan Earth Observation Satellite – қазақстандықЖердіқадағалаужерсерігі) біріншіқазақстандықЖҚЗжерсерігінҚазғарыштыңтапсырысыбойынша Airbus Defence and Space (бұрын EADS Astrium) французкомпаниясыжасады.

KazEOSat-1  ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрін ұсынуға, стихиялық апаттар мониторингі, алдын алу, жер кадастрын жүргізу, қорғаныс пен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картаға түсіру мақсатында  Қазақстан Республикасы аумағының, сондай-ақ Жердің басқа телімдерінің түсірілімдерін алуға арналған.

KazEOSat-1 күн-синхронды орбитаға (Жерден шамамен 700 км) «Вега» еуропалық зымыран-тасығышы шығарады.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін (ЖҚЗ ҒЖ) жеткізуге келісімшартқа  Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің экспорты жөніндегі әлемдік көшбасшы — Airbus Defence and Space пен Қазғарышқа ведомстволық бағынысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасында халықаралық тендерлік үдеріс қорытындылары бойынша 2009 жылы қол қойылды.

ҚР ЖҚЗ ҒЖ құрамына екі ғарыш аппараты: кеңістікті айыру қабілеті жоғары және орта, сондай-ақ Астана қаласындағы ғарыш аппараттарын жерүсті мақсатты кешені мен жерүсті басқару кешені кіреді.

KazEOSat-1  —  бұл 1 метр кеңістікті айыру қабілеті жоғары Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау бірінші жерсерігі.

Сондай-ақ, 6,5 метр кеңістікті айыру қабілеті орта ЖҚЗ екінші ғарыш аппаратын  (KazEOSat-2) AirbusDefenceandSpace ведомстволық бағынысты  SSTL британ компаниясы жасады.

Астана қаласында ЖҚЗ (ЖҚЗ ҒЖ ЖБК) ғарыш аппараттарын жерүсті басқару кешенін пайдалануға беру 2014 жылдың шілде айына жоспарланып отыр.

 

ЖҚЗ ҒЖ құруға арналған Қазақстан-Франция келісімшарты шеңберінде 50 қазақстандық инженер практикалық тағылымдамының толық курсын өтті, олар жерсерікті автономды басқарады және ЖҚЗ ҒЖ ЖБК жаңа ғимаратында ғарыш түсірілімдерін өңдейді.

Қазақстандық мамандар оқу бағдарламасы аясында ҚР ЖҚЗ ҒЖ құрастыру жұмыстарына қатысты, KazEOSat-1 Куру ғарышайлағының старттық кешеніне апарғанда бірге еріп жүрді.

«Біз Gaia, Herschel и SPOT-6 атымен жасаған қазіргі ғарыш жүйесі сияқты KazEOSat-1 ең жаңа ғарыш жүйелерінен, жаңа авиа-электроникадан, карбид силиконнан (SiC), үлкен апертурадан және жылжымалы тұғырдан пайда табады»- деп мәлімдеді AirbusDefenceandSpace«Ғарыштық жүйелер» бөлімшесінің басшысы Франсуа Ок.

AirbusDefenceandSpaceCassidian, Astriumжәне AirbusMilitary қосылуымен құрылған AirbusGroup бөлімшесі болып табылады. Жаңа ұйым Еуропадағы қорғаныс және ғарыш саласында нөмір бірінші, бүкіл әлемдегі және он үздік қорғаныс ұйымдарының арасында екінші ең ірі  бизнес болып табылады. Мұнда жылына  шамамен 14 миллиард доллар жалпы кірісімен 40 000-ға жуық қызметкер жұмыс істейді.

KazEOSat-1 ұшыруына қатысу үшін Француздық Гвианаға ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен қазақстандық делегация келеді ҚазТАГ.

 

http://www.aikyn.kz/articles/view/47729

Рубрика: