Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

8eefd060fdcaa5b1a9ea24ab48e2ba23Алматыда жыл сайынғы ХІ Респуб­ли­калық «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты байқауы мәресіне жетті. «Менің экологиялық күнделгім» атты мәдени әрі экологиялық тақырыпқа байқау өткізген ұйымдастырушылардың көздегені – шығармашылық арқылы қоршаған ортаны қорғауға үндеу. Бұл шара бәсекелестердің сайысы болғанымен, қатысушылардың жарысы достық пейіл мен көңілді күлкі арқылы өрбіді.

Байқаудың басты ұйымдастырушысы саналатын Шеврон компаниясы, ал үйлестірушісі – UNESCO Қазақстан Ұлттық Федерация Клубы. Әбілхан Қастеев атындағы Көркемөнер және техникалық дизайн мектебінің шәкірттері бақ сынасқан додаға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ғылым және білім министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қолдау көрсеткен. Сонымен қатар аталған шараны биыл ҚР Бірінші президентінің қоры, ҚР Суретшілер одағы, «Көктөбе» тау бағы мен «Hawaii» ойын-сауық алаңы демеу көрсеткен.

Байқау барысында балалар 6 күн бойы Алматы қаласының сыртындағы демалыс орнында тынықты. Бойларына тән таланты мен ұшқыр қиялына ерік берген оларды елімізге танымал суретшілер сырттарынан бақылап жүрді. Жас талаптардан тәжірибелік кеңестерін де аяған жоқ. Өнер тарландарының басты міндеті жеңімпаздарды анықтау еді. «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты байқау мәресіне жеткенде бірнеше күн бойы балалардың ынтасы мен қарым-қабілетін бағамдаған мамандарға көп нәрсе оңайға тигені анық. Сонымен, Бас жүлде астаналық өрімтал Мұхиев Темірланға бұйырса, І-орынды – тараздық Темірбек Айзат, ІІ-орынды екібастұздық Громова Александра, ІІІ-орынды павлодарлық Мастерова Ирина иемденді. «Туған аймақтың қорықтық жерлері» номинациясы бойынша қарағандылық Никонова Екатерина топ жарса, «Сүйікті жерді қорғаймын» номинациясында теміртаулық Шариязданова Арайлым жеңіске жетті. Ал Шеврон компаниясының арнайы сыйлығын алматылық Нөкиева Әсем қанжығаға байлады.

Бақ сынаса жүріп, қоршаған ортаны қорғау туралы ойларымен бөліскен балалар Жер-Ананы кейінгі ұрпаққа сақтаудың жолдарын ұсынды. Мәселен ақтөбелік жасөспірім Таңжарықова Айнұрдың пікірінше, табиғатты қорғауға кез келген адам атсалысуы үшін «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты жоба шеңберінде жарияланған суреттерді тамашалауы тиіс. Ал қарағандылық Никонова Екатерина өз қаласының бүгінгі ахуалына алаңдайтындықтан, аталған жобадан алар сабақ көп деп санайды.

Байқауға қатысушылар Алматының көрікті жерлерін аралап, «Тамғалы» мұражай-қорығында болды. Іле Алатауының сұлулығы тәнті еткен жас суретшілер Алматыны «Көктөбеден» тамашалады.

 

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

http://www.turkystan.kz

Рубрика: